Пирамида схемасын құру және басқару заңсыз болып табылады

2014 жылдың 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаржы (инвесициялық) пирамидаларының қызметімен қарсы күрес туралы» заң қабылданды.

Аталмыш Заңмен қаржы пирамидасы тұжырымдамасы анықталады,

пирамиданы құру және (немесе) басқару үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217 бабы), сондай-ақ өз қызметін алға жылжытқаны үшін әкімшілік жазаға тартылады (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 150 бабы).

Сонымен қатар, бүгінгі күні қаржылық пирамидалардың қызметіне халықтың қатысу себептерінің бірі  ақша үнемдеу және инвестициялауға қаржы және несие заңдар саласындағы білімнің жетіспеушілігі болып табылады, сондай-ақ ақшаны инвестициялау және жинақтау мәдениеті деңгейінің төмендігі болып келеді.

Осыған байланысты есте сақтау керек:

- қаржы пирамидасына қатысудың мүмкін негативті салдарының мүмкіндігі туралы;

- енгізілген күмәнді қаржы схемалардың салдарынан, ақша жоғалту тәуекелдері туралы;

- жеке салымдарды, инвестициялықжинақтауды,  , кредиттік, және қаржы институтын таңдауда мұқият жоспарлау қажеттілігі туралы;

Ақсу қаласы прокуратурасының прокуроры              Н. Шаймарданов