«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

E-R-4 санаты үшін: жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)    мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, Е-R-5, Е-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

 

 

 

2)    мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3)    осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4)    жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5)    ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

73288,23

99105,68

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, 305-кабинет, анықтама үшін телефон/факс: 8(71837) 6-36-31, 6-65-77 электрондық пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript , «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

санаты E-R-4, «Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазым индексі № 01-1-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бюджеттік қаражат арқылы алынған (ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа) ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыруға бақылау жүргізеді; өткізілген ветеринарлық іс-шаралар туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат береді. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары ветеринария саласында. Аталған санаттың қызметі бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, үйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)             осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)             3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)             бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)             еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)             Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)             Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)             құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)             конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Ақсу қаласы Астана көшесі, 52 мекенжайында өтеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4 санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4 санаты үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Бірыңғай конкурс комиссияның жұмысының ашықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету үшін оның мәжілісіне байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

2016 ж. 18.08.