E-R-4 санаты үшін атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін Ақсу қаласы жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарыны
ң мемлекеттік

қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялау

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

E-R-4 санаты үшін: білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

73288,23

99105,68

«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, 301-кабинет, анықтама үшін телефон/факс: 8(71837) 6-36-31, 6-65-77 электрондық пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript , Ақсу қаласы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялау «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-R-4, лауазым индексі № 01-1-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бюджеттік қаражат арқылы алынған (ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа) ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыруға бақылау жүргізеді; өткізілген ветеринарлық іс-шаралар туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат береді. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары ветеринария саласында, ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білім ветеринария саласында рұқсат етіледі. Аталған санаттың қызметі бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, үйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   Тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні).

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Ақсу қаласы Астана көшесі, 52 мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды және сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2016 ж. 29.09.