«Ақсу қаласы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2016 жылғы ветеринария саласы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметті көпшілік талқылау жұмыстары жүргізілді

2017 жылғы 18 наурызда мүдделі жеке, заңды тұлғалар, көрсетілетін қызметті алушылар және БАҚ қатысуымен көпшілік талқылау өткізілді.

 

 


«Ақсу қаласы ветеринария бөлімі» мемелекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметінің 4 түрі көрсетіледі, оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет түрі мемлекеттік мекемеде «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісіне ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысын беру», жануарлар өнімін өндіру, жүзеге асыру, қайта өңдеу (сою), сақтау, ветеринариялық препараттар және жемшөп және жемшөп қосындыларын жүзеге асырушы өнеркәсіп объектілеріне есептік нөмірін беру». Ақсу қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Ветеринариялық станция» КМК бағынысты органы бойынша мемлекеттік қызметтің 2 түрі «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, ветеринариялық паспорт беру» жүзеге асырылады.

2016 жыл бойынша барлығы – 13558 мемлекеттік қызметкөрсетілді, негізгі мемлекеттік орган бойынша – 40 және бағынысты орган бойынша – 13518 қызмет көрсетілген.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша көпшілік талқылауды өткізу барысында ескертулер, арыз және ұсыныстар болған жоқ.