Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал ұрлығының алдын алу бойынша ұсыныстар

Жадынама

 

-Малдың сақталуы мақсатында,Сіз келесідей қағидаларды ұстануыңыз қажет:

- жақын жерде және аулдарда пайда болған бөтен көлік пен бейтаныс адамдарға назар аудару, төтенше жағдай кезінде оларды сипаттау, сондай-ақ олардың нөмірін, маркасын және көлік түсін хабарлау үшін олардың белгілерін есте сақтау;

- ветеринарлық бөлімшелерде жануарларды биркалау, чиптеу және таңба салу жолымен есепке қою, әр жануардың (түрі, тұқымы, жынысы, жасы, белгілі бір шаруашылыққа немесе тұлғаға тиесілілігі белгілері) сипаттамасымен ветеринарлық төлқұжат беру;

- құлыпқа жабылатын қақпасы бар күшейтілген құрылымнан жасалған жазғы қораларды, базаларды, сарайларды қоршау;

- аумақтың жарықтандырылуын қарастыру;

- малды бағуды материалдық жауапкершіліктің түрі корсетілген келісімшарт негізінде, тұрақты тіркелген және халық арасында беделі бар адамдарға сенім білдіру.

-Жануарлар жоғалған кезде, ауданға қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторына, ал ол болмаған жағдайда, ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне дереу хабарлау.Ұрлық кезінде жедел-тергеу тобы келгенге дейін заттай дәлелдемелер мен басқа да іздерді сақтау шараларын қолдану. Жануарды егжей-тегжейлі сипаттап, жеке белгілерін көрсетіп,барлық қажетті құжаттарды ұсыну. Мүмкіндігінше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, іздестіру шараларын қабылдау. Көршілерді, жұртшылықты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын рейдтік іздестіру іс-шараларына тарту.

-Ең бастысы – мал ұрлығының барлық жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына шұғыл түрде хабарлау қажет.

Ақсу қаласы ветеринария бөлімінің                                                              бас маманы                                                  Бекеев Рахмет Ғазизұлы