Инновациялық Еуразия Университетінің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасындағы VIP дәрістер

Осы оқу жылында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында VIP-дәрістерді өткізуді Ақсу қаласы әкімдігінің «Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы Кирилл Олегович Галаганмен өткен кездесу аяқтады.

 

К. Галаган Инновациялық Еуразия университетінің "Ветеринарлық санитария"

мамандығының түлегі және 2018 жылы ол біздің университет қабырғасында магистрлік диссертацияны сәтті қорғады, ал қазіргі таңда "Биотехнология" мамандығы бойынша докторантурада білім алуда.

"Ветеринарлық санитария" және "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандықтарының студенттері кездесу барысында "Ветеринарлық станция" мамандарының алдында тұрған міндеттер, олардың эпизоотиялық салауаттылық және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қызметінің маңызы туралы білді. Сондай-ақ, Кирилл Олегович ауру жануардан адамға жұғуға қабілетті бруцеллез – инфекциясымен күрес және алдын алу бойынша іс-шаралар туралы айтып берді. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтардың жауабын алды.

Кездесу соңында Кирилл Олегович "Ветеринарлық санитария" мамандығының студентерін Ақсу қаласы әкімдігінің «Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК – да өндірістік тәжірибені өтуге шақырды.