Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу

Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы бойынша ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу ережесі – Қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді, аудандардың және облыстардың ауылдық округтері мен селоларында ауыл шаруашылық малдарын есепке алуды жүргізу мақсатында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендірудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

 

Назар аударыңыздар!

Жеке және заңды тұлғаларға,мал иелеріне!

 

Ауылдық округтерде және Ақсу қаласында мал қораларына дезинфекция жүргізу тәртібі

Зарарсыздандыру - жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын жою шараларының кешені. Зарарсыздандыру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ветеринарлық препараттар қолданылады.

Сондай-ақ жануарлар ауруларының ошақтары пайда болған жағдайда, мәжбүрлі зарарсыздандыру жүргізіледі (мысалы, бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар анықталған жағдайда). Мәжбүрлі зарарсыздандыру кезінде ағымдағы және қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

Ағымдағы зарарсыздандыруды объектінің ішінде жануарлардың жұғу және аурудың одан тыс жерлерге таралу қаупін азайту мақсатында сауықтырудың барлық уақыты ішінде мезгіл-мезгіл жүргізеді.

 

Нарықтар жүйесінде азық-түлік нарықтарында көбінесе мал шаруашылығы өнімдері нарығы, атап айтқанда сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері ұсынылатын ерекше орын бар.

Қазіргі уақытта нарықта кез-келген ауыл шаруашылығы өнімдерін сату үшін жыл бойы мал сойылады.

Малды сойғаннан кейін иесі алдын ала тексеру жүргізуге және ветеринариялық ілеспе құжаттарын алу үшін ветеринариялық мамандармен хабарласуы қажет. Алдын-ала тексеріс нәтижесінен кейін ветеринариялық маман ет өніміне клеймо (мөртаңба) қояды және ветеринариялық ілеспе құжатын жазады. Ветеринариялық анықтамада маршрут бағыты мен белгіленген орны көрсетіледі.

Сүт пен сүт өнімдеріне ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуы да талап етіледі.

Ет және сүт өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама ілеспе құжаттарды ресімдеу ақылы негізде бекітілген ақылы қызметтер тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.

Ет нарыққа шыққанда ет және басқа да мал өнімдерінің (сүт, қаймақ, құрт, қымыз және т.б.) сараптамасы ВСС (ветеринариялық-санитариялық сараптама) зертханасында ветеринариялық-санитариялық ветеринария заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

«Шаруа қожалығы» өнімдері үшін ветеринариялық ілеспе құжаттары болмаған жағдайда, мұндай өнімдер ветеринариялық бақылауға жатпайды және қауіпсіз емес.

Кейбір базарда белгісіз сатушылар шыққан жері белгісіз ет және сүт өнімдерін сатады.

Шикі ет пен сүт өнімдерін рұқсат етілмеген сауда орындарында сатуға тыйым салынады!

Азаматтарды сақ болуға шақырамыз: көше сатушыларынан сатып алмауға, арнайы белгіленген аумақтарда тек дәлелденген өнімдерді сатып алуға шақырамыз.

 

«Ақсу қаласы ветеринария

бөлімі» ММ-нің бас маманы

Дина Фахирслямова

 

Ресей Федерациясынан тірі жануарларды тасымалдап әкелу

2018 жылғы 28 қараша күні “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” ММ-де ҚР АШМ ВБжҚК Ақсу қалалық аумақтық инспециясының басшысы және селолық округтерінің ветеринарлық пунктерінің меңгерушілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді, жиналысқа аулшарушылық құралымдарының басшыларымен және қызығушылық тұлғалары шақырылды. Ресей Федерациясынан тірі жануарларды тасымалдап әкелу бойынша талқылау өткізілді.

ҚР АШМ ВБҚК Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының басшысы РФ-нан тірі жануарларды әкелу жөніндегі жадынамамен таныстырды

РФ жануарларды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері, Россельхознадзордың сайтына орналастырылған Кеден одағының кәсіпорындар тізімінде (ЕЭО) болуға тиіс.

Регионализациялауға сәйкес тасымалдап әкелуді жоспарлау кезінде жұқпалы аурулар, жануарларды тасымалдап әкелуге қолданыстағы уақытша шектеулер, аймақтық мәртебе бойынша (вакцинациялаумен қолайлы, аусыл бойынша вакцинациялаусыз) Ресей Федерациясы аймағының өңірлік қолайлығы ескерулуі қажет.

Уақытша шектеулер бойынша өзекті ақпарат ҚР АШИ вет-сайтына және қосымшада орналастырылған.

Қазақстан Республикасының барлық аумағы аусыл бойынша 5 облыс (ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары) вакцинациялаумен және 9 облыс бойынша (Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Манғыстау облыстары) вакцинациялаусыз қолайлы аймақ ретінде Халықаралық эпизоотия бюросының (ХЭБ) арнайы мәртебесін иеленді.

ХЭБ ұсыныстарын және тасымалдау шарттарын сақтау кезінде, эпизоотиялық ахуалдың талдауының ескерілуімен, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың ерекше бақылауымен (тоқтаусыз, суару шарттарының бақылауымен және т.б.) ҚР аумағына тасымалдап әкелуге рұқсат етіледі.

Аусыл бойынша вакцияланусыз қолайлы РФ субъектілерінен, ҚР 9 облысының аумағына, оның ішінде Павлодар облысына аусылға қарсы вакцинациялаусыз аусыл бойынша қолайлы аймақтың аумағынан РФ-дан әкелуге рұқсат етіледі. Павлодар облысының аумағына вакцинациялаумен аусыл бойынша қолайлы аймақтың РФ субъектілерінен әкелуге тыйым салынады.

ЕАЭО елдері арасында жануарларды тасымалдау Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы №317 (1,4,5,7,9,10-тараулар) шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Жануарларды әкелу мәселесі бойынша Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі 17, телефон 8 718 37 50742 мекен-жайы бойынша "ҚР АШМ ВБжҚК Ақсу қаласы аумақтық инспекциясы" ММ-мен келісу қажет.

 

Ақсу қаласы ветеринария

бөлімінің бас маманы

Қайырова Светлана Әнуарбекқызы

 

Сарыпқа шалдыққан жануарлардың құнын иелеріне өтеу мәселесі бойынша

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығының 18-тармағының 3-тарауына сәйкес. Сарыппен алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын иелеріне өтеу мәселесі бойынша:

   

Ірі қара малдың түйінді нодулярлы дерматиті

ІҚМ ұстау кезінде санитарлық нормалары сақталмаған жағдайында малдар әртүрлі жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, өнімділіктің құлдырауына, малдың өлуіне, демек, рентабельділіктің төмендеуіне әкеледі. ІҚМ зақымдайтын аурулар көп. Соның ішінде қауіптілердің бірі бірі-нодулярлы түйіндік дерматит.

   

Сібір жарасының белгілері, барысы және алдын алу шаралары

Бұл ауру адамадар мен жануарлардың өте қауіпті ауруларының бірі, ол лимфа түйендерінің, тері мен ішектің зақымдануы мен өлімнің жоғары көрсеткішімен сипатталады.

Адам денсаулығына зардап келтіретін инфекцияның көзі – ауыл шаруашылық жанурлар, топырақ індеттері мен қоршаған орта болып табылады. Зақымдану ауыл шаруашылық жанурларының өнімдерімен байланысу, етті өңдеу, малды сою, ауру жануарларды емдеу кездерінде басталуы мүмкін. Зақымдану микрожарақат, зақымданған өнімдерді пайдалану, жұқтырылған шаңдарды жұту кездерінде пайда болады.

   

Стратегия борьбы с бруцеллезом сельскохозяйственных животных

Бруцеллез – хронически протекающая болезнь животных и человека, вызываемая бактериями.

Основными источниками возбудителя инфекции для людей при бруцеллезе являются овцы, крупный рогатый скот. Пути заражения человека бруцеллезом разнообразны, заражение происходит преимущественно контактным (с больными животными или сырьем и продуктами животного происхождения) или алиментарным путем.

   

Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидалары

Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 56/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5237 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   

Страница 1 из 2