Сібір жарасының белгілері, барысы және алдын алу шаралары

Бұл ауру адамадар мен жануарлардың өте қауіпті ауруларының бірі, ол лимфа түйендерінің, тері мен ішектің зақымдануы мен өлімнің жоғары көрсеткішімен сипатталады.

Адам денсаулығына зардап келтіретін инфекцияның көзі – ауыл шаруашылық жанурлар, топырақ індеттері мен қоршаған орта болып табылады. Зақымдану ауыл шаруашылық жанурларының өнімдерімен байланысу, етті өңдеу, малды сою, ауру жануарларды емдеу кездерінде басталуы мүмкін. Зақымдану микрожарақат, зақымданған өнімдерді пайдалану, жұқтырылған шаңдарды жұту кездерінде пайда болады.

Сібір жарасының белгілері: тері ауруының барысында – сібір жаралары дақ, бөртік, күлдіреуік және жарақат кезендерінен өтіп қалыптасады. Зақымдалған аймақтың біршама қыжылдауы мен тістің ауруы. Ауру біршама уланумен (бастын ауруымен, әлсіздікпен, күшсіздікпен, бұлшық ет пен белдің сырқырауы мен іштің аурумен ) бірге байқалады.

Аурудың асқынуы кезі тыныс алу жолдарының зақымдануымен сиаптталады (өкпенің нысаны). Клиникалық белгілері тұмау кезіндегі белгілерге: демігу, жүрек соғуының жиілуі, тыныс алудың жоғарылуы секілділерге ұқсайды.

Бұл фаза бірнеше сағаттан екі күнге дейін жалғасып, қызба шекті көрсеткіштерге (30-40 градус) жетеді.

Сібір жарасы ауруының асқынуының аса ауыр өтетін түрі ішек ауруының түрі. Басында улану және қызу сипаттық белгілері байқалып, бір жарым тәулікке созылатын тамақтың қызуы мен ауыруы, кейін іштің кесіктеп ауруы, жүрек айнуы, қанмен құсу, іштің өтуі пайда болады. Нәжіс массаларында да визуалды қан байқалады. Кейінен орын толықтыру байқалып, беті ақшыл немесе көгілдір-қызғылтым түске өзгереді. Ауыратындар үрей және қорқынышты сезінеді.

Сібір жарасының алдын алу

Сібір жарасының алдын алу шараларының маңызды мәні, ауыл шаруашылық жануарларының ауруын жою және ескерту іс-шаралары болып табылады. Анықталған зақымданғандарды оқшалау, өлекселерді жандыру, ал зақымданған объектілерді зарарсыздандыру керек. Ауыл шаруашылық жануарларын сібір жарасына қарсы иммундеуді уақытылы өткізу керек.

Ветеринарлы-санитарлық қадағалаусыз мәжбүрлі сойылған жануарлардың етін тамаққа қосуды жол бермеу міндетті шара болып табылады. Қауіпсіздікті растайтын құжаттары жоқ етті және ет өнімдерін тағамдарға қолдану қауіпті. Мал күтумен айналасатын тұлғалар жеке гигиенаны сақтау керек.

 

Бүгінгі күнде Ақсу қаласының аумағы бойынша ауыл шаруашалық жануарларын вакцинациялау ІҚМ – 33300 басқа, ҰҚМ – 46900 басқа, жылқы – 5200 басқа және шошқалар – 1900 басқа жетті.

Ауруды болдырмаудың негізі – аурудың алдын-алу іс-шаралары екендігін есте сақтау керек. Адамдарға аурудың бірінші белгілерін сезген кезден дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

 

Ақсу қаласы ветеринария бөлімінің бас маманы

Фахирслямова Д. К.