Ірі қара малдың түйінді нодулярлы дерматиті

ІҚМ ұстау кезінде санитарлық нормалары сақталмаған жағдайында малдар әртүрлі жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, өнімділіктің құлдырауына, малдың өлуіне, демек, рентабельділіктің төмендеуіне әкеледі. ІҚМ зақымдайтын аурулар көп. Соның ішінде қауіптілердің бірі бірі-нодулярлы түйіндік дерматит.

Алғаш рет нодулярлық дерматит 1929 жылы Мадагаскарда және Солтүстік Родезияда тіркелген.

Қазақстан Республикасында нодулярлық дерматит алғаш рет 2016 жылы Батыс Қазақстан аумағында тіркелген.

Эпизоотия: ҚР аумағында нодулярлық дерматиттің зақымдануы трансмиссивті жұқтыру, яғни вирустың жұқтырылған жануарлардан жұқтырмаған жануарларға берілуі жәндіктер, масалар арқылы жүреді. Қоршаған ортаға мүйізді ірі қара малының нодулярлы дерматиті мал терісінің ойық жарасымен, сүтпен, сілекеймен, спермамен немесе қанмен жұғады.

Жұқтырылған жануарлардың ең көп саны қан сорғыш жәндіктер жиналған жерлерде байқалады. Кейде ІҚМ нодулярлық дерматиті (вирус) құстармен де тасымалдануы мүмкін, әсіресе суда жүзетін. Дерматит вирусы жұқтырылған жануарлардың тыныс алуы арқылы да бөлінеді. Кейбір жағдайларда ол жем мен су арқылы берілуі мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-тен 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезеңде нодулярлы дерматит байқалмайтындықтан, жануарлар оқшауланбайды.

Белгілері: ауру екі формада байқалуы мүмкін: жедел және созылмалы. Сондай-ақ атиптік нодулярлық дерматит деген ұғым бар. Жедел формада ауру жануарларда дене температурасы күрт көтеріледі (40 градусқа дейін). Бұл ретте жануарлардың тәбеті төмендейді, көзінің жасы ағады және мұрыннан шырышты бөлінулер пайда болады. Екі тәуліктен кейін жануардың терісінде диаметрі 0.5-тен 7 см-ге дейінгі және биіктігі 0.5 см-ге дейінгі түйіндер пайда болады. Түйіндер тығыз жәнеолардың саны 10-нан бірнеше жүзге жетуі мүмкін Бірнеше сағаттан кейін олардың контуры бойынша эпидермис бұзыла бастайды. Осыдан кейін әрбір түйіннің центрінде тесікшелер пайда болады Одан некроз тарала бастайды. Сонымен қатар жануардың терісінде жаралар пайда болуы мүмкін. Тері түзілімдерінен басқа, ІҚМ нодулярлы дерматиті келесі симптомдарды сипаттайды: сүттің қызғылт түсі. Малды сауу кезінде сүт тамшылап ағады, яғни сауу өте қиынға түседі. Зарарланған жануардың сүтін қайнату кезінде, сүт гель тәрізді түрге ие болады. Онымен бұзауларды қоректендіру алдында 85 градустақайнатқан жөн.

Тәбеттің жоғалуы салдарынан жануарлар арықтайды. Жануарлардың көздерінің қабағында жара немесе эрозия пайда болады. Ауыздан сілекей ағып, мұрыннан іріңді сілекей ағады.

Ауру алдымен жалпы клиникалық көрініс және аурудың зертханалық диагностика негізінде жұқтыруды анықтайды. Күдікті жануарлардың биоматериалын алдын ала іріктеумен санитарлық сараптама орындалады. Нодулярлық дерматит вирусы, оның антигиенасы немесе геномы анықталған жағдайда анықталған ауру болып саналады. Аса ауыр жағдайларда диагноз патологиялық-анатомиялық зерттеулер негізінде қойылады. Нодулярды дерматит симптомдары есекжем, дерматофилез, демодекоз және лимфонгит белгілеріне ұқсас. Кейде бұл ауруды жәндіктердің тістеуімен шатастырады. Сондықтан жануарлардың терісінде қандай да бір түйіндер пайда болған кезде зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.

ІҚМ нодулярлы дерматитпен ауырып өлген жануарларды ашу кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер: үлкейген, ісінген, лимфа түйіндері қимасындағы шырынды, өкпенің ісінуі, мұрынның шырышты қабатындағы іркіліс толық қанды, эпидермистің некрозы, түйіндер астындағы көктамырдағы тромбалар, ішектің шырышты қабатындағы қан құйылу.

Өкінішке орай, ем жүргізілмейтін ІҚМ нодулярлық дерматитінен болған залал табынның 5-тен 50%-ға дейінгі малын зақымдауы мүмкін. Кейде ауру 100% ірі қара малға әсер етеді. Жұқтырудан болған залал әдетте 10%-дан аспайды, ал көбінесе 1-ден 5%-ға дейін. Бұл ауруды ең қауіпті аурулардың біріне жатқызады.

Таралу кезінде жануарлардың өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Бұл ретте сүт пен ет, сондай-ақ тері сатуда айтарлықтай шығындар байқалады. Бұл ауру ірі қара малдың көбеюіне де әсер етеді. Инфекцияланған бұқалар уақытша стерильді болады. Ауру сиырларда жыныстық циклділік бұзылады. Жүкті жануарларда аборттар болады және өлі бұзаулар туады, бұл ауру дереу беріледі.

Дерматитпен жұқтырылған малды емдеу өте қиын. Дегенмен, аурудың пайда болу қаупін азайтумүмкіндігі бар. Сиырларды иммундауды қой шешегінің Neethlin вирусына ұқсас штамм қолдану арқылы жүргізеді.

Алдын алу шараларына мыналарды жатқызуға болады: мал қораларындағы көп мөлшерде қан сорғыш жәндіктердің пайда болуына жол бермеу; жануарларды және қораларды репелленттермен өңдеу; тиісті құжаттарсыз шығу тегі белгісіз жануарларды қолайлы шаруашылықтарға әкелуге жол бермеу; жеке шаруашылықтардағы малдарды және қораларды қарау үшін ветеринарларға рұқсат беру.

Ауру анықталған жағдайда барлық жануарлар егілуі тиіс. Бұл аурудан егу тек ІҚМ –ды ғана болады. Бұл аурудың ірі малдардан қойға берілу жағдайлары анықталған жоқ. Сондай-ақ, адам үшін де нодулярлық дерматит вирусы қауіпсіз. Сондықтан ауру жануарлар анықталған кезде олармен басқа жануарлардың, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың жанасуын толық жою керек. Бұдан басқа, ауру жұқтырылған малдардың бөлшектерін, шаруашылық аумағының тыс жеріне көлікпен әкетуіне жол бермеу шараларын қабылдау қажет. Осы аумақтан шығатын барлық автомобильдер алдын ала дезинфекциялануы тиіс. Осыған қызмет көрсететін персоналдың сыртқы киімі мен аяқ киімін дезинфекциялау да (формальдегид буындарын пайдалана отырып) жатады. Ауру жануарларды қансыз әдіспен сояды.

Емі: нодулярлық дерматит кезінде малдың табиғи сауығуы 90% құрайды. Бұл ауруға ең бейім тұқымдық ірі қара мал. Өкінішке орай, нодулярлық дерматитті емдеу құралдары әзірленбеген. Кейбір жағдайларда инфекциялардың асқынуын болдырмау үшін химиотерапия, антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттарды қолдану қолданылуы мүмкін.

Ветеринарлар жануарларды өзін-өзі емдеумен айналыспауға, ал күдіктену жағдайында селолық округтің ветеринарлық мамандарына хабарлауға кеңес береді. Нодулярлық дерматиттің таралуына жол бермеу іс-шараларын және оны болдырмау шараларын өткізу міндетті.

 

«Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы     С. Қайырова