Сарыпқа шалдыққан жануарлардың құнын иелеріне өтеу мәселесі бойынша

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығының 18-тармағының 3-тарауына сәйкес. Сарыппен алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын иелеріне өтеу мәселесі бойынша:

- жануарларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7590 тіркелген) жануарларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлар аурулары анықталған кезде жүргізіледі. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығының 18-тармағының 3-тарауына сәйкес.

Сарыппен алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың құнын иелеріне өтеу мәселесі бойынша жануарлардың, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнының 30 пайызын иелеріне өтеу шарты ауру жануарларда Тізбеге енгізілген (№18-03/127) аса қауіпті аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың "Ветеринария туралы"Заңның 25-бабының 1,7,11,12 тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады. Бұл тізімге ҰҚМ бруцеллезі кіреді, ал ІҚМ, шошқа, жылқы бруцеллезі жануарларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу Ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Ветеринариялық-санитариялық бағалау АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Осы бұйрықтың 1245-тармағына сәйкес бруцеллезді малдардың етіне ветеринариялық-санитариялық бағалау жүргізу кезінде аурудың клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер есепке алынады, ұшалары мен мүшелерінде патологиялық өзгерістер анықталған кезде ет құнын өтей отырып, шұжық және консерві өнімдерін өндіруге жіберіледі.

Сарвпқа зерттеу кезінде жауап берген ірі қара малдың сойылуынан алынған, бірақ онда бруцеллездің клиникалық белгілері немесе ет пен мүшелерде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған жағдайда, ет шектеусіз шығарылады.

 

Ал бруцеллезге оң нәтиже берген қой мен ешкіні санитарлық союдан алынған етті пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге осы ережелер сақталған жағдайда қайта өңдейді.

Осылайша, бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлардың ұшалары мен органдарында патологоанатомиялық өзгерістер болмаған жағдайда, қолайлы пункттерден жануарлардың иелеріне өтеу төленбейді.

Бруцеллез-жұқпалы ауру тамыр, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе жиі тірек-қимыл аппаратының зақымдануымен сипатталады. Бруцеллезбен жануарлар да, адамдар да ауырады.

Осы ауруды анықтау және таратпау мақсатында ветеринариялық қызмет жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларының қанына серологиялық зерттеу жүргізеді. Бруцеллез анықталған жағдайда жануарларды жас төлімен  бірге ет өңдейтін кәсіпорындарға санитарлық союға жібереді.

Аурудың алдын алу үшін және таралмау үшін  жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын адамдар ауыл шаруашылығы жануарларын дер кезінде бірдейлендіруді жүргізуі қажет; тек ветеринариялық қызметтің рұқсатымен ғана сатып алуды, сатуды, союға өткізуді, серуендетуді, жайылымға орналастыруды және басқа да барлық орын ауыстыруларды жүргізу, жаңадан сатып алынған жануарларды карантиндеу; бруцеллезге (аборттар, өмір сүруге қабілетсіз төлінің туылуы) күдікті аурудың барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметті хабардар ету қажет.