Ресей Федерациясынан тірі жануарларды тасымалдап әкелу

2018 жылғы 28 қараша күні “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” ММ-де ҚР АШМ ВБжҚК Ақсу қалалық аумақтық инспециясының басшысы және селолық округтерінің ветеринарлық пунктерінің меңгерушілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді, жиналысқа аулшарушылық құралымдарының басшыларымен және қызығушылық тұлғалары шақырылды. Ресей Федерациясынан тірі жануарларды тасымалдап әкелу бойынша талқылау өткізілді.

ҚР АШМ ВБҚК Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының басшысы РФ-нан тірі жануарларды әкелу жөніндегі жадынамамен таныстырды

РФ жануарларды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері, Россельхознадзордың сайтына орналастырылған Кеден одағының кәсіпорындар тізімінде (ЕЭО) болуға тиіс.

Регионализациялауға сәйкес тасымалдап әкелуді жоспарлау кезінде жұқпалы аурулар, жануарларды тасымалдап әкелуге қолданыстағы уақытша шектеулер, аймақтық мәртебе бойынша (вакцинациялаумен қолайлы, аусыл бойынша вакцинациялаусыз) Ресей Федерациясы аймағының өңірлік қолайлығы ескерулуі қажет.

Уақытша шектеулер бойынша өзекті ақпарат ҚР АШИ вет-сайтына және қосымшада орналастырылған.

Қазақстан Республикасының барлық аумағы аусыл бойынша 5 облыс (ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары) вакцинациялаумен және 9 облыс бойынша (Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Манғыстау облыстары) вакцинациялаусыз қолайлы аймақ ретінде Халықаралық эпизоотия бюросының (ХЭБ) арнайы мәртебесін иеленді.

ХЭБ ұсыныстарын және тасымалдау шарттарын сақтау кезінде, эпизоотиялық ахуалдың талдауының ескерілуімен, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлардың ерекше бақылауымен (тоқтаусыз, суару шарттарының бақылауымен және т.б.) ҚР аумағына тасымалдап әкелуге рұқсат етіледі.

Аусыл бойынша вакцияланусыз қолайлы РФ субъектілерінен, ҚР 9 облысының аумағына, оның ішінде Павлодар облысына аусылға қарсы вакцинациялаусыз аусыл бойынша қолайлы аймақтың аумағынан РФ-дан әкелуге рұқсат етіледі. Павлодар облысының аумағына вакцинациялаумен аусыл бойынша қолайлы аймақтың РФ субъектілерінен әкелуге тыйым салынады.

ЕАЭО елдері арасында жануарларды тасымалдау Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы №317 (1,4,5,7,9,10-тараулар) шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Жануарларды әкелу мәселесі бойынша Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі 17, телефон 8 718 37 50742 мекен-жайы бойынша "ҚР АШМ ВБжҚК Ақсу қаласы аумақтық инспекциясы" ММ-мен келісу қажет.

 

Ақсу қаласы ветеринария

бөлімінің бас маманы

Қайырова Светлана Әнуарбекқызы