Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу

Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы бойынша ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу ережесі – Қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді, аудандардың және облыстардың ауылдық округтері мен селоларында ауыл шаруашылық малдарын есепке алуды жүргізу мақсатында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендірудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

Ауыл шаруашылық малдарын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың орындауы, ереже талаптар болып табылады.

Бірдейлендіруді жүргізу үшін өтініш беруші адам, селолық округтің ветеринариялық станциясына белгіленген нысандағы өтініш беруі қажет. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жануарларға бірдейлендіруді жүргізу кезінде (сырғалау, таңба салу, таңба салу), барлық жұмыстарды ветеринариялық мамандар жүргізеді.

Ауыл шаруашылық малдарының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі. Бұзау, қозылар, ешкілер, түйе – жаңа төлдеген мал бастап 7 күн өткеннен кейін; құлын – төрт айлық жастан бастап; одан әрі өсіруге және өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды торайлар, торайлар және халық шаруашылықтарында ұсталатын торайлар – 3 айлық жастан бастап, бірдейлендіру жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жүргізу рәсімі:

1)    ауыл шаруашылық малдарына  бір тәсілмен жеке нөмір беру (сырғалау, таңбалау, таңба салу);

2)    ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіру жүргізу жөніндегі дерекқорға мәліметтерді енгізу (АЖС деректер базасы) ;

3)    ветеринариялық төлқұжат беру.

Ауыл шаруашылық малдарына түрлеріне байланысты келесідей жеке нөмір беру тәсілдерімен жүргізіледі.

1)    сырғалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа және торайлар үшін);

2)    таңбалау немесе чип салу (жылқылар үшін);

3)    таңба салу (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа қожалығында ұсталатын және өнеркәсіптік өсіруге, бордақылауға арналған торайлар үшін, кейіннен тоғыз айлық жасқа толғанға дейін сойылады).

Ветеринарлық маман ауыл шаруашылық малдарын мөрлеу, таңбалау кезінде, мәлімдеме жасап, қол қойып, мөр бекітеді.

Ірі малдардың сырғаларының бірі жоғалған немесе бүлінген жағдайда (ауыл шаруашылық малдарын жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған жағдайда), малдардың иесі ветеринариялық ұйымға сырғалардың телнұсқасын беру туралы өтінішпен жүгінеді.

Сырғалардың екеуі де зақымданған немесе жоғалған жағдайда, басқа малдардың  жеке нөмірлерін, малдардың ветеринариялық төлқұжатымен және малдың жеке нөмірін белгілеу үшін, бірдейлендіру жөніндегі деректер базасымен салыстырып тексеру үшін жануар оқшауланады.

Ветеринарлық ұйымның, ветеринарлық дәрігері ауыл шаруашылық малдарына жеке нөмір берген сәттен бастап, үш жұмыс күні ішінде оның иесіне ветеринарлық төлқұжат береді.

Ветеринарлық төлқұжат, ауыл шаруашылық малдарына, ұсақ малдан, шошқадан басқа жеке беріледі.

Ұсақ малға (қой, ешкі), шошқаларға ветеринарлық төлқұжат бір топқа (отарға) беріледі.

Ветеринарлық төлқұжатқа, ветеринарлық өңдеу және диагностикалық зерттеулер жүргізу туралы мәліметтер, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректер енгізіледі. Бұл ретте ауыл шаруашылық малдарына жүргізілген ветеринарлық өңдеу және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылық малдары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылық малының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) деректер базасына енгізіледі.

Ветеринарлық төлқұжаттың деректерін кейіннен жаңарту ветеринарлық іс-шараларды жүргізу, иесінің ауысуы кезінде, ауыл шаруашылық малдарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағынан, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ауыстыру кезінде және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.

 

«Ақсу қаласының ветеринария

бөлімі» ММ бас маманы                                                                        Р.Бекеев.