Кәсіпорнының жарғысы

Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық
жүргізу құқығында
Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы”
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында «Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 149/2 қаулысына сәйкес құрылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Ақсу қаласының әкімдігі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлігіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқығына субъект құқығын Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқару органы) болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы: Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында «Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қалқаман ауылы, Промышленная көшесі, 27.

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8. Кәсіпорын ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Кәсіпорынның жеке балансы, заңнамаға сәйкес банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы жазылған бланкілер, мөрі бар.

10. Кәсіпорын Ақсу қаласы әкімдігінің келісімімен басқа заңды тұлғаны құра алады және оның құрылтайшысы бола алады.

Кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі, табиғи монополиялар реттейтін нарық саласында басқаруды жүзеге асыратын Ақсу қаласы әкімдігінің және мемлекеттік органның келісімімен басқа заңды тұлғаны құра алады және оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктерін құруға құқығы бар.

11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылмаған болса, Азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркеген сәттен жасалған деп саналады,

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні Ақсу қаласының аумағында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары Ақсу қаласының аумағында ветеринария саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

14. Мақсатқа қол жеткізу үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шаралар жүргізу;

2) ауыл шаруашылық малдарына бірлейлендіру жүргізу;

3) малдарды табиғи ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету;

4) малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық дәрі-дәрмектерді көлікпен жеткізу (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарына бірлейлендіру жүргізу үшін ветеринарлық дәрі-дәрмектердің өнімдерін (құралдарын) және атрибуттарын көлікпен жеткізу (жеткізу), сақтау бойынша қызмет көрсету;

5) Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар), мал сою алаңын ұстау;

6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы басқа да қызмет түрлері.

15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметтерді жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.

16. Кәсіпорынмен Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен нақты шектелген қызметтерінің мақсаттарына қайшы келетін немесе басшының жарғылық құзыретін бұзумен жасалған мәміле басқару органы немесе Ақсу қаласы әкімдігінің, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Басшының Кәсіпорынмен жарғыға сай келмейтін қызметін жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзуы болып саналады және тәртіптік пен материалдық жауапкершілікке тарту шараларын қолдануға әкеп соғады.

4. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару

18. Ақсу қаласының әкімдігі:

1) Кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы шешімдерді қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басты бағыттарын және міндетті жұмыс (қызмет көрсету) көлемін анықтайды;

4) Кәсіпорынның даму жоспарын және оны орындау бойынша есептерді қарастырады, келіседі және бекітеді;

5) Кәсіпорынның даму жоспарының орындауына бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

6) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;

7) Кәсіпорынмен филиалдарды және өкілдіктерді құруға келісім береді;

8) Кәсіпорынның мүлігін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілдікке, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

9) Кәсіпорынның мүлігін пайдалануға және сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады;

10) Кәсіпорынның мүлігін есепке алады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларымен оған жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Кәсіпорынның органы оның басшысы болып табылады.

20. Басшыны тағайындау, аттесттауды өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

21. Басқару органы Кәсіпорынның басшысымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісім жасау арқылы еңбек қатынастарын ресімдейді.

Еңбек келісімінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген шарттардан басқа Мемлекеттік кәсіпорын басшысының бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытында аудармағаны үшін жауапкершілігі белгіленеді.

22. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлігін сақтау үшін жеке жауапты болады.

23. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекетті ұйымдастыру үшін дербес жауап береді.

24. Кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаты негізінде қызмет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

25. Басшы:

1) сенімхатсыз Кәсіпорынның атынан іс-әрекет жасайды және оның мүдделерін барлық органдарында қорғайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте Кәсіпорынның мүлігімен басқарады;

3) келісім-шарттар жасайды және басқа мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттарды береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен қарастырылмаса, жұмысқа қабылдайды және Кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек шарттарын бұзады, марапаттау шараларын қолданады, сондай-ақ оларға жазалар салады.

Басшының ұсынымы бойынша Ақсу қаласы әкімдігімен лауазымға тағайындалатын немесе жұмыстан шығарылатын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғымен белгіленеді;

8) еңбекті төлеу формаларын, штат кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерден басқасына) сыйақы беру және басқа көтермелеу жүйесін еңбекті төлеудің белгіленген қор шегінде бекітеді;

9) Ақсу қаласының әкімдігіне өз орынбасарлары мен бас бухгалтер лауазымдарына үміткерлерді тағайындауға және босатуға ұсынады;

10) өз орынбасарларының, бас бухгалтердің және Кәсіпорынның басқа басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) Ақсу қаласы әкімдігінің келісімі бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорлары лауазымдарына тағайындайды және босатады.

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді.

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынның мүлігі

26. Кәсіпорынның мүлігіне Кәсіпорынның активтері жатады, олардың құны оның балансында көрсетіледі.

27. Кәсіпорынның мүлігі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғы капиталына қатысушылардың үлестері, жарналары) бойынша, соның ішінде Кәсіпорынның қызметкерлері арасында таратылмайды.

28. Кәсіпорынның мүлігі:

1) меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша табыстарын қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа кіріс көздері арқылы қалыптасады.

29. Кәсіпорынның иелігінде оның жарғылық мақсаттарымен қарастырылған қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік немесе осы қызметтің өнімі болып келетін мүлік бола алады.

30. Шаруашылық жүргізу құқықтарын алу және тоқтату жеке меншік құқығын немесе заттық құқықтарын алу және тоқтату үшін, егер осы Жарғыда көзделмесе немесе осы заттық құқықтың мәніне қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қарастырылған жағдайларда және тәртіпте жүзеге асырылады.

31. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудан табыс және Кәсіпорынмен келісім негізінде немесе басқа негіздерде сатып алынған мүлік Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте түседі.

32. Меншік иесімен мүлікті Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылданған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорында мүлікті оның балансында бекітілген кезден пайда болады, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен бекітілмеген болса.

33. Кәсіпорын негізгі қаражатқа жататын мүлікті сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімдері негізінде оның иелігінен шығаруға құқығы жоқ.

34. Кәсіпорынның мүлігіне шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен қарастырылған тәртіп пен негіздерде, сондай-ақ, Жарғының 35-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

35. Осы Жарғының 34-тармағында қарастырылған шаруашылық жүргізу құқығын тоқтату жалпы негіздерден басқа шаруашылық жүргізу құқығын меншік иесінің шешімі бойынша Кәсіпорыннан мүлікті заңды түрде тартып алу жағдайларында тоқтатылады.

Заңды түрде тартып алу жағдайларға мыналар жатады:

- Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығында жарғылық қызметтің мақсаттарына сәйкес келмейтін мүлікті тартып алу;

- пайдаланбайтын немесе мақсатты пайдаланбайтын артық мүлікті тартып алу.

36. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті тартып алу шешімінде Ақсу қаласының әкімдігі Кәсіпорынға тартып алынған мүлікті оны басқа тұлғаға беруіне дейін ұстау және сақтау мерзімін белгілейді.

37. Кәсіпорын басқару орғанының ұсынысы бойынша Ақсу қаласы әкімдігінің жазбаша келісімімен:

1) филиалдарды, өкілдіктерді құруға;

2) акционерлік қоғамдардың оған тиесілі акциялары мен дебиторлық қарыздарын басқаруға;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

4) қарызға беруге құқылы.

38. Кәсіпорын негізгі қаражатқа жатпайтын, оған шаруашылықты жүргізу құқығында бекітілген жылжымалы мүлікті өз бетінше басқарады.

39. Осы Жарғының 37 және 38-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақша Кәсіпорынмен өз бетінше пайдаланылады, егер басқасы Қазақстан Республикасының бюджет Кодексімен немесе жеке меншік иесімен, уәкілетті органмен белгіленбесе.

6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

40. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

41. Кәсіпорынның қызметінен алынған таза табыстың аударымдар нормативтері Ақсу қаласының әкімдігімен белгіленеді.

Кәсіпорынның таза табысының бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен белгіленген тәртіптегі нормативтер бойынша жергілікті бюджетке аударылуы тиісті.

Кәсіпорын таза табыс бөлігін қалалық бюджетке корпоротивті ішкі табыс салық декларациясын тапсыру үшін белгіленген он жұмыс күнінен кешіктірмей аударуды жүргізеді.

42. Кәсіпорын өздері өндіретін өнімдерін өз бетінше іске асырады.

43. Кәсіпорынмен өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы оларды өндіруге, оның қызметінің шығынсыздығын және жеке кірістері арқылы қаржыландыруға Кәсіпорын шығарған шығындардың толық орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Ақсу қаласы әкімдігінің келісімі бойынша Кәсіпорын белгілейді.

Табиғи монополиялар субъектілеріне немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары “Табиғи монополиялар және басқарылатын рыноктар туралы”, “Бәсекелестік туралы” Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеуін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып, белгіленеді.

44. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

45. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 17527463 (он жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың төрт жүз алпыс үш) теңгені құрайды.

Жарғылық капитал Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеу кезінде Ақсу қаласының әкімдігімен толық қалыптастырылған.

8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

46. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Ақсу қаласы әкімдігінің келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады. 47. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есебіне мыналар кіреді: бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.

9. Кәсіпорынның жауапкершілігі

48. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауапты болады.

10. Еңбек ұжымымен өзара қатынастары

Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшері жыл сайын Басқару органымен белгіленеді.

2. Еңбекақы төлеу нысанын, штат кестесін, лауазымдық айлықақы мөлшерін, сыйақы беру жүйесі және басқа да сыйлықтарды Кәсіпорын еңбекақыны бекітілген қоры шегінде өздігінше белгілейді.

3. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларының мөлшері, оларға сыйақы беру жүйесі және басқа да сыйлықтар Басқару органымен белгіленеді.

12. Кәсіпорынды қайта құру және тарату

54. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Ақсу қаласы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен көзделген басқа негіздер бойынша жойылуы мүмкін.

55. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады.

56. Несие алушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін таратылған Кәсіпорынның қалған мүлкін Ақсу қаласының әкімдігі қайта бөледі.

Несие алушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін таратылған Кәсіпорынның қалған ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қосқанда қалалық бюджет кірісіне аударылады.

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

57. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Басқару органның ұсынысы бойынша Ақсу қаласы әкімдігінің шешімімен енгізіледі.

Директор___________________________ ______________

Т.А.Ә. қолы

 

Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы ветеринария

бөлімінің “Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы”

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі “Ветеринария туралы” Заңының 11-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 123-бабына сәйкес, ветеринария саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы ветеринария бөлімінің “Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. Кәсіпорынның басқару органы “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін.

4. “Ақсу қаласының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ақсу қаласының әділет басқармасында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуін жүргізсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.А. Дәуітовке жүктелсін.

 

Қала әкімі Б. Бақауов