Павлодар облысының Ақсу ауданы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

Жоба

Жалпы ережелер

 

Павлодар облысыАқсу ауданы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы ережелері (бұдан әрі  - Ереже) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасындағы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 246 бабына және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау ережелері» № 16-02/701 (Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 10183 тіркелді) бұйрығынасәйкес әзірленді  және Павлодар облысы Ақсу ауданы бойыншақаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

Осы Ережелерде келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:

үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезек бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірелетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалы мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары;

қараусыз жануарлар –үй жануарлары (тұқымды әкелушелері және әкелмейтіндер), адамның қараусыз қалғандар және бос топтар құру, ол олардың көбеюіне әкеледі;

қаңғыбас иттер мен мысықтар, бұл жабайыланған жануарлар – жануарлар мен адамдар үшін жалпы аса қауіпті ауруларды әкелетін және тудыратын топ болып табылады;

биостерилдеу – ұрпақ әкелетін жолын хирургиялық жолмен жануарларды жою (репродукциялық әдісімен);

жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;

жануарлардың бірдейлендірудің белгісі (мойынтақ, кішічиптер, клеймолар, биркалар, арқандар).

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды«Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында «Ақсу қаласының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жузеге асырады(бұдан әрі - Ұйым).

 

Қаңғыбас иттер мысықтарды аулау

 

Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

биостерилдеу әдісімен олардың санын реттеу (тарттыру). Биостерилдеу қоғамдық ұйымдар, қорлардың, соған қоса қаңғыбас  жануарлар үшін паналардың  сұранысы бойынша биостерилдеу жүзеге асырылады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюда техникалық бейімделеді (ебелектер, өзі тартылатын ілмектер, ұшатын дротиктері бар пневматикалық құрылғылар), Қазақстан Республикасында рұқсат берілген және тіркелген ветеринарлық препараттар.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, аулау кестесіне (жоспар) сәйкес, сонымен қатар қараусыз қалған иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда тиісті аумақтағы атқарушы органдардың өтінімі, азаматтардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың өтініштері бойынша Ұйым қызметкерлеріжүзеге асырады.

Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын қызметкерлерді жекеленген қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, оларға түсіндіру жұмысын жүргізеді, азаматтардың талаптары бойынша көрсететін қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау құқығының куәлігін береді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын ашлу екпелерін алған, психоневрология және каркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай – ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.

Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:

аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;

адамдарға бағыттап атуға;

Қаңғырған иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез – құлық және құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.

 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау

 

Жануарларды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал – жабдықтармен жабдықталады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік нақты көрінетін жазуымен және Ұйымның атауымен телефон нөмерімен жабдықталуы тиіс.

 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде ұстау

 

Уақытша ұстауға арналған арнайыландырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы.

Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.

Иесін тапқан жағдайда және жануарды қайтарған жағдайда жануарды ұстаған ұйым жануар иесінен жануарды ұстауымен байланысты шығындарды Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қайтарады.

 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

 

Ұсталған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелері табылмаған жағдайда интернет – ресурстарында 3 күндік жұмыс күнінен бастап сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен өлтіруге жатады.

Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материалдарды күйдіруге арналған көшпелі және стационарлық қондырғыларда (инсинираторлар) жүзеге асырылады.

 

Қорытынды ереже

 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс – шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Осы қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.