Статья «О Герое Сураганове»

К 100-летию со дня рождения Героя Советского Союза К.М. Сураганова в газете «Звезда Прииртышья» от 22 мая 2021 года...

Подробнее...
«Павлодарцы в годы Великой Отечественной войны» 4
Очередной телесюжет из цикла «Павлодарцы в годы Великой Отечественной войны», вышедший в эфире телеканала «ERTIS»,...
Подробнее...
Об участии павлодарских архивистов в IX историко-архивном форуме «Память о прошлом – 2020»

Об участии павлодарских архивистов в IXисторико-архивном форуме «Память о прошлом – 2020», организованном Российским...

Подробнее...
«Павлодарцы в годы Великой Отечественной войны» 3

Третий телесюжет из цикла «Павлодарцы в годы Великой Отечественной войны»

Подробнее...
Прямой эфир на телеканале "Ертіс"

20 апреля 2021 года, на телеканале «ERTIS» состоялся прямой эфир с участием заместителя руководителя Государственного...

Подробнее...

Новости

Алғы сөз

«Павлодар облысы тарихынан атаулы күндер.» күнтізбе-анықтамалығы отандық тарихты насихаттауда ақпараттық желеу болатын мерейтойлық және атаулы күндерге байланысты қызығушылық тудыратын ретроспективті ақпараттың тиімді пайдаланылуын ұйымдастыруда облыстық мұрағат мекемелерінің қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, зерттеушілерге көмек көрсету мақсатында әзірленген.

Оқиға күндерінен, олардың мәніне қысқаша сипаттамадан, іздестіру деректерінен тұратын күнтізбе-анықтамалықтағы мақалаларда аймақтың саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі фактілер, құбылыстар суреттеліп, Қазақстан Республикасының тарихынан алынған атаулы күндер, Ертіс бойындағы Павлодар өңірінің атақты адамдарының, сондай-ақ жеке қорлары Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған азаматтардың өмірінен мерейтойлар мен атаулы күндер туралы қысқаша мәліметтер келтірілген.

Мерейтойлық күндер мен оқиғаларды айқындаудың негізгі көздері ретінде Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағатының қорларынан алынған құжаттар, меммұрағаттың алдыңғы жылдардағы «Күнтізбелер», облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасымен және облыстық мемлекеттік мұрағатпен дайындалған басылымға шықпаған анықтамалықтар, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық актілер жинақтары, кезеңдік басылым, ғылыми-ақпараттық және өлкетану әдебиеті, сондай-ақ облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасымен және облыстық меммұрағатпен дайындалған кітаптар қолданылды.

 

karta_vsya.jpg

Күнтізбе-анықтамалық екі бөлімнен тұрады: «Фактілер. Оқиғалар» және «Есімнама». «Фактілер. Оқиғалар» бөлімі айлық, жылдық және «Қазақстан Республикасының атаулы күндері» бөлімшелерінен тұрады. «Есімнама» бөліміне Ертіс бойындағы Павлодар өңірінің атақты адамдарының мерейтойлық туған күндері және еске алу күндері туралы мәліметтер енгізілген. Жоғары озаттық дәрежелерді беру туралы мәліметтер «Фактілер. Оқиғалар» бөліміне енгізілді, себебі бұл адам өмірінен алынған маңызды фактілер ғана емес, сондай-ақ облыс тарихының маңызды оқиғалары болып табылады.

«Фактілер. Оқиғалар» бөліміндегі мәліметтерді жүйелеу принципі хронологиялық принцип болып табылады. Бір айлық бөлімше шеңберіндегі оқиғалар алдымен болған күні мен айы бойынша, бұдан кейін ғана – ай бойынша орналасқан. Күні мен айы белгіленбеген оқиғалар жеке жылдық бөлімшені құрайды. Күні мен айы немесе айы сәйкес болған жағдайда оқиғалар жылдардың өсу тәртібімен орналасады. Оқиға күні сәйкес болған жағдайда оқиғалар тақырыптық сипаты мен маңыздылық дәрежесі бойынша орналасады. Бұған ұқсас принцип «Қазақстан Республикасының атаулы күндері» бөлімшесінде де қолданылған. «Есімнама» бөлімінде мақалалар әліпби бойынша орналасқан.

Күнтізбе-анықтамалықты қолданған кезде адамдардың аты-жөні мен тегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атаулары, құрмет грамоталары, географиялық атаулар, сондай-ақ ондағы оқиғалардың күндері, негізінен, дереккөзде көрсетілген түрде келтірілген.

Күнтізбе-анықтамалықты компьютерге терген 1-ші санатты орта дәрежелі мұрағатшы Ә.Б. Тілеубердіқызы.

 

Уважаемые посетители сайта!

На персональном блоге руководителя государственного архива Павлодарской области можете оставлять свои предложения и вопросы касательно деятельности учреждения.

 

Перейти

 

Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...